"Әрдайым халықпен тікелей байланыста болуларыңыз керек": Президент Халық Кеңесінің мүшелеріне үндеу жасады

«Әрдайым халықпен тікелей байланыста болуларыңыз керек»: Президент Халық Кеңесінің мүшелеріне үндеу жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2026 13:07 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында кеңестің алғашқы құрамына енген азаматтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы кеңес құрамына кәсіби, отаншыл және қоғамда беделі жоғары азаматтар енгенін атап өтті. Оның айтуынша, бірінші сессияда кеңестің алдағы мақсат-міндеттері айқындалды.

"Қоғамымыз сіздерге зор үміт артып отыр. Өздеріңізге жүктелген тарихи миссияның мән-маңызын терең түсініп, мемлекет мүддесі үшін табанды қызмет етесіздер деп ойлаймын. Баршаңызға табыс тілеймін! Қастерлі Отанымыз – Қазақстан өсіп-өркендей берсін!" – деді Президент.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: