Қарағанды маңында тақтай тиеген Volvo жүк көлігі аударылды: оқиға видеоға түсіп қалған
Сурет: видео скрині
2026 жылғы 25 қыркүйекте күндіз Қарағандының Солтүстік айналма жолында Volvo жүк көлігі аударылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 37 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Апат орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тез тарады. Видеолардан жүк көлігінің құрылыс тақтайларын тасымалдағанын көруге болады. Көлік аударылғаннан кейін тақтайлар жолдың бүкіл бөлігіне шашылып қалған.
Жол-көлік оқиғасының салдарын жою және жүк көлігін көтеру үшін оқиға орнына арнайы автокран мен жедел жәрдем бригадасы келген.
Қарағанды облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, апаттың алдын ала мән-жайларын нақтылады.
"Алдын ала мәлімет бойынша, 37 жастағы Volvo автокөлігінің жүргізушісі Қарағанды қаласының Солтүстік айналма жолында ұзақ бұрылыстан өту кезінде рөлге ие бола алмай, көліктің аударылуына жол берген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші медициналық мекемеге жеткізілді", – деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне.
Ведомство өкілдері бұл фактінің полицияда тіркелгенін де атап өтті.
Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript