"Кінәлілер қатаң жазаланады": қаза тапқандардың отбасыына Президенттің көңіл айту жеделхаттары табысталды

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына Президенттің көңіл айту жеделхаттары табысталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2026 22:48 Сурет: facebook.com/orynbasar.sejdov
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтып, атаулы жеделхаттар жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеделхаттарды Маңғыстау және Түркістан облыстарының басшылары, Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы мен қоғам белсенділері оқып, табыстады.

Кінәлілер қатаң жазаланады – қаза тапқандардың отбасыларына Президенттің көңіл айту жеделхаттары табысталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2026 22:48

Сурет: facebook.com/orynbasar.sejdov

Президент марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына қолдау білдіріп, оларға барлық қажетті көмек көрсетілетінін, ал кінәлілер ең қатаң жазаға тартылатынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеделхатында әскери қызметшілердің мемлекеттік марапаттарға ұсынылатыны айрықша атап өтілді.

Еске салайық, бұған дейін Ақтау қаласында Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болуына әкеп соққан төтенше жағдайдың себептерін тергеу және салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссияның отырысы өткенін хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: