26 қыркүйекте елдің бірнеше қаласында ауа ластанады

Қазақстанның бірнеше қаласында ауа ластанады, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2026 10:04 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 2026 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстанның төрт қаласында ауа сапасының нашарлайтынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" мәліметінше, 26 қыркүйекте Алматы қаласында, ал түнде Ақтөбе, Өскемен және Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесуі. Мұндай жағдайлар атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал етеді.

Сондай-ақ 2026 жылғы 26 қыркүйекте еліміздің кейбір өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер үсік жүретінін ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: