Қазақстанның 10 өңірінде ҰҚК мен ІІМ ауқымды операция жүргізді: 29 адам ұсталды
Сурет: gov.kz
Қазақстанның 10 өңірінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың (ҰҚТ) мүшелерінің заңға қайшы әрекеттерін, шекара маңындағы қылмыстық схемаларды, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі нысандарындағы заңсыз әрекеттерді тоқтатуға бағытталған бірлескен операция жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Операцияны Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Ішкі істер министрлігімен (ІІМ) бірлесіп өткізді.
"Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 29 адам ұсталып, полиция бөлімдеріне жеткізілді. Олардың 9-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Операция барысында заңсыз айналымнан 25 дана қару, 2 граната және 236 дана оқ-дәрі тәркіленді", – делінген сенбі күні таратылған ҰҚК хабарламасында.
ҰҚК мәліметінше, аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Комитеттің баспасөз қызметі қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript