Астанада алимент төлеуден жалтарған 5,5 мың адам 26 млрд теңге табысын жасырған
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Прокуратура мәліметінше, 5,5 мың борышкер жалпы сомасы 26 млрд теңге болатын табысын жасырған. Осыған байланысты прокурорлар алимент берешегін борышкерлердің арнайы техникасы есебінен өндіруді ұсынды. Бұған дейін сот орындаушылары бұл мүлікті есепке алмаған.
Тексеру барысында жалпы құны шамамен 2 млрд теңге болатын 126 құрылыс, жол және ауыл шаруашылығы техникасы анықталды.
Қазірдің өзінде 2,5 мың баланың пайдасына 2 млрд теңгеден астам алимент өндірілген.
Тексеру қорытындысы бойынша Әділет министрлігіне прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Онда анықталған табыс пен арнайы техника есебінен алимент берешегін өндіру, сондай-ақ жауапты тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселелері көтерілген.
Бұған дейін Павлодар облысында алимент төлеуден жалтарған борышкерлердің бәс тігуге 600 млн теңге жұмсағаны хабарланған еді.