Ауа температурасы -6°C-қа дейін төмендейді: Қазақстанда қазан айы күрт суытудан басталады

Медео, Медеу, высокогорное урочище, горы, высокогорный спортивный комплекс, осень в горах, первый снег, туман, заморозки, похолодание , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2026 12:36 Фото: Zakon.kz
Қазан айының басында Қазақстанда жаңбыр жауып, жел күшейеді. Кей өңірлерде үсік жүріп, жылбысқы қар жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, 2026 жылғы 1–3 қазанда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады.

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Ал батыс пен солтүстік-батыста жаңбырдың соңы жылбысқы қарға ұласады. Өңірлердің көпшілігінде жел күшейеді.

Сонымен қатар ел аумағында ауа райы айтарлықтай суытады.

  • Қазақстанның батысында түнде ауа температурасы -1…-6°C-қа дейін төмендейді, күндіз небәрі +3…+8°C болады.
  • Солтүстік-батыста күндізгі температура +15…+25°C-тан +5…+15°C-қа дейін төмендейді.
  • Солтүстікте, шығыста және орталық өңірлерде ауа температурасы негізінен +13…+23°C болады.
  • Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +20…+25°C, таулы аудандарда +10…+15°C күтіледі.

Бұған дейін метеорологтар 2026 жылғы 30 қыркүйекке қараған түні Қазақстанның сегіз облысында -4°C-қа дейін үсік жүретінін ескерткен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: