Астанада жатақхана коменданты студенттерден 3 млн теңгеден астам ақша жинаған

Деньги, тенге, калькулятор, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2026 13:48 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Әйел бес жыл бойы студенттер мен қызметкерлерден ақша жинап, сондай-ақ шетел азаматтарын сыйақы үшін тіркеуге қойған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот материалдарына сәйкес, комендант студенттер мен университет қызметкерлерінен ай сайын 14 300 теңгеден жинаған. Ол бұл ақшаны университет басшылығының тапсырмасы екенін айтқан. Алайда іс жүзінде бұл шындыққа сәйкес келмеген. Келтірілген материалдық шығын 3 млн теңгеден асты.

Сонымен қатар әйел университет құжаттарын қолдан жасап, жұмыс компьютері арқылы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-қа бір жыл мерзімге уақытша тіркеу туралы анықтамалар рәсімдеу жөнінде өтініштер жіберген.

Осылайша университет жатақханасына барлығы 57 шетел азаматы тіркелген. Олардың әрқайсысын тіркегені үшін әйел 40 мың теңгеден алған.

Әйел өз кінәсін мойындамаған.

Комендантқа қатысты үкім 2026 жылғы 25 қыркүйекте шығарылды.

"Жасалған қылмыстардың мән-жайы мен ауырлығын, сондай-ақ келтірілген шығынның өтелмегенін ескере отырып, сот қылмыстар жиынтығы бойынша сотталушыға екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар үш жыл мерзімге ұйымдастыру-шаруашылық функцияларымен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды", – деп хабарлады Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: