Есепшілер Солтүстік Қазақстандағы мәдениет қызметкерлеріне 28 млн теңге аударуды "ұмытып кеткен"
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Павлодар облысындағы Мәдениет үйінің ондаған қызметкері бухгалтерлік есептегі өрескел заң бұзушылықтарға байланысты бірнеше ай бойы зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдерден қағылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 1 қазанда облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Павлодар аудандық Мәдениет үйінің 69 қызметкерінің құқығы аудан прокурорының жергілікті тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен өткізген көшпелі кездесуінде анықталған.
Тексеру барысында ұйымның бухгалтерлік есебіндегі өрескел қателер мен ақаулар салдарынан міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар уақытылы жүргізілмегені анықталды.
Қарыздың жалпы сомасы 28 млн теңгеден асты. Қадағалау органының араласуынан кейін қызметкерлердің құқықтары толық қалпына келтірілді.
"Прокуратураның ұсынысын қарау нәтижесінде барлық қызметкер алдындағы берешек толық өтелді. Кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады Павлодар облысының прокуратурасы.
Бұған дейін Қарағандыдағы кәсіпорынның күзетшілері сот арқылы жалақыларын өндіріп алған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript