Күн суытты: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады
Фото: pexels
Күн суыта бастаған соң қазақстандықтар жылытқыштарды жиі қосып, пеш жаға бастайды. Осы кезеңде үйлерде өрт шығу қаупі де артады. Сондықтан ТЖМ жылыту жүйесін, электр сымдары мен мұржаларды алдын ала тексеруге үндеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
15 тамыздан бері мамандар 74 мыңнан астам тұрғын үйді тексеріп, 253 мыңнан астам адамға түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
Жергілікті биліктің көмегімен өрт қауіпсіздігі талаптарының 19,5 мыңнан астам бұзушылығы жойылды. Сонымен қатар үйлерге 6 052 датчик орнатылды.
ТЖМ мұржаларды күйеден тазалап, пештерді, электр сымдары мен жылытқыштарды тексеруге кеңес береді. Жағылған пеш пен қосулы тұрған электр жылытқыштарды қараусыз қалдыруға болмайды. Сондай-ақ пеш жағуды балаларға сеніп тапсыру қауіпті. Сіріңке мен от тұтататын құралдарды да балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет.
Алдын алу шарасы 15 қазанға дейін жалғасады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript