2021 жылдан бері халықаралық іздеуде болған қазақстандық елге жеткізілді
Сурет: ҚР ҰҚК
Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы бірнеше жылдан кейін шетелден елге экстрадицияланды. Ол 2021 жылдан бері сот төрелігінен бой тасалап келген, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2026 жылғы 2 қазанда ҰҚК ҚР ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросымен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматын шетелден Астанаға жеткізді.
Тергеу мәліметінше, ол аса ірі мөлшерде алаяқтық әрекет жасады деген күдікке ілінген. Күдікті 2021 жылдан бері құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген.
Қазір ұсталған азамат тергеу изоляторына қамалды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, істің өзге мән-жайлары жария етілмейді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
