Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары тағайындалды

Подписание законов, назначения, назначение, Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2026 10:16 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Бақытжанұлы Хасенов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күштік құрылымдардағы кадрлық өзгерістер туралы 2026 жылғы 5 қазанда Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпараттан белгілі болды.

Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Бақытжанұлы Хасенов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, – делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев басқа да өкімге қол қойған. Оған сәйкес, Айтқұрман Омарбеков ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: