Астананың қай аумақтарында көпқабатты үй салуға тыйым салынды

Стройка, строительство, строительство жилья, строительство дома, строительство домов, строительный объект, строительные работы, строители, рабочие, строитель, рабочий, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2026 15:20 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Астанада көпқабатты үйлер салуға тыйым салынған аумақтарды атады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Редакцияның ресми сауалына берілген жауапқа сәйкес, тыйым үш учаскеге қатысты енгізілген.

"Атап айтқанда, олар – К-1 айналма жолының солтүстік бөлігіндегі Өндіріс тасжолының бойында, К-1 айналма жолының солтүстік-шығыс бөлігіндегі Алаш тасжолының бойында, сондай-ақ айналма жолдың шығыс бөлігіндегі Астана – Қарағанды автожолының бойында орналасқан аумақтар", – делінген жауапта.

Бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мұндай шектеулердің енгізілу себептерін түсіндірген еді. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, болашақта құрылыс жүргізілетін жекелеген аумақтарды алдымен қажетті қала құрылысы, инженерлік, көлік және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажет.

Сонымен қатар өзгерістер болашақта игерілетін аумақтардағы қала құрылысын реттеу және жүйесіз әрі нүктелік құрылыстың алдын алу қажеттілігіне байланысты енгізілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: