Қазақстанда қай өңірлерде қар жауып, үсік түседі: 6 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: unsplash
Циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр және қар жауады. Елдің солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын қатты болады деп күтіледі.
Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі. Солтүстікте бұрқасын болуы мүмкін, ал оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде көктайғақ күтіледі.
Сонымен қатар, түнде Алматы, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарының кей жерлерінде, сондай-ақ Жетісу облысында ауа температурасы -1...-2°С-қа дейін төмендеп, үсік жүреді деп болжанып отыр.
Бұдан бөлек, бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде болады.
Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде, Жетісу, Қызылорда облыстарында және Абай облысында өрт қаупінің жоғары деңгейі болжанады.
Қызылорда облысында, Ұлытау облысының кей жерлерінде, сондай-ақ Түркістан, Ақтөбе, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында өрт қаупінің төтенше деңгейі күтіледі.