БҚО-да алты жылқы ұрлаған екі күдікті ұсталды
Сурет: polisia.kz
Биыл қыркүйек айында жайылымдық жерден екі тұрғынға тиесілі алты жылқы ұрланған. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 1,8 млн теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар ауданның екі тұрғынын анықтап, ұстады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ұрланған жылқылардың алдымен бір қораға қамалғаны, кейін автокөлікпен Атырау қаласына жеткізіліп, сатылғаны анықталды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қорытындысы бойынша заңда белгіленген процессуалдық шешім қабылданады.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.