2028 жылға қарай Қазақстандағы ірі кәсіпорындардың кемінде 60%-ы цифрлық егіздерді қолданады

Месторождение, горнодобывающая промышленность, горная порода, полезные ископаемые, спецтехника, карьер, рудник , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2026 14:53 Фото: primeminister.kz
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2026 жылғы 6 қазанда Үкімет отырысында саланы цифрландыру жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның мәліметінше, кен құрамындағы пайдалы компоненттердің азаюы мәселесін шешу үшін датчиктер мен компьютерлік көру технологиясы қолданылатын өндірістік үдерістің цифрлық егіздері енгізіліп жатыр.

"KAZ Minerals мысалында мысты бөліп алу көрсеткіші 2%-ға, ал фабриканың өнімділігі 7%-ға артты. 2028 жылға қарай цифрлық егіздерді ірі кәсіпорындардың кемінде 60%-ына енгізу жоспарланып отыр. Осындай тәсіл автомобиль өнеркәсібінде де қолданылуда", – деді Нағаспаев.

Оның айтуынша, жасанды интеллект логистикадан бастап сапаны бақылауға дейінгі бүкіл өндірістік тізбекте қолданылады.

"Нәтижесінде ақаулар саны 39%-ға азайды, ал өндірістік желідегі қалыптан тыс жағдайлар 8 секунд ішінде анықталады", – деп қосты министр.

Бұған дейін Премьер-министр отандық өнеркәсіптің цифрлық трансформациясына баға берген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: