"Бетінің бір бөлігі жоқ": Жамбылда дәрігерлер үш жылдан бері кім екені белгісіз әйелді емдеп келеді

Пациенты в палате, палата, лечение, медицинское учреждение, больница, госпитализация, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2026 11:15 Фото: Zakon.kz
Жамбыл облысының Қордай аудандық орталық ауруханасында үш жылдан бері кім екені белгісіз әйел тұрып жатыр. Ол жадына зақым келген күйде, құжатсыз және ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Алайда осы уақытқа дейін пациенттің жеке басын анықтау мүмкін болмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 7 қазанда КТК телеарнасының сайты жазғандай, Қордай аудандық орталық ауруханасында тұрып жатқан белгісіз әйел туралы әлеуметтік желідегі видеодан белгілі болған. Видео авторы медицина қызметкерлері әйелді қосалқы бөлмеге тастап, оған көмектеспей отырғанын айтқан.

Алайда аурухана бұл ақпаратты жоққа шығарды. Медициналық мекеме өкілдерінің айтуынша, әйел өзі туралы ештеңе есіне түсіре алмайды.

"Мекенжайын, туыстық байланыстарын анықтау мүмкін болмады. Қазақстан Республикасының ақпараттық жүйелерінде пациент туралы мәліметтер жоқ. Осыған байланысты оның жеке басын анықтай алмай отырмыз. Қазір ол хирургия бөлімінде жатыр, ем қабылдап жатыр", – деді Қордай аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Назгүл Тобышақова.

Сырт көзге әйел шамамен 60 жаста. Кадрлардан оның бетінің бір бөлігі жоқ екені байқалады. Алайда дәрігерлер пациенттің диагнозын жарияламады.

Мамандардың айтуынша, үш жыл бойы әйел туралы қандай да бір мәлімет анықтауға тырысқан. Оны Тараз бен Алматыдағы бейімдеу орталықтарына орналастыруға да әрекет жасаған. Алайда бұл жоспар жүзеге аспаған.

Сондықтан медицина қызметкерлері әйелді өз қарауына алуға мәжбүр болған. Қазір оның жеке басын полиция анықтап жатыр. Алдын ала болжам бойынша, әйел Қырғызстаннан болуы мүмкін.

Бұған дейін Тараз тұрғындарын күндіз болған қатыгез кісі өлімі дүр сілкіндіргені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: