Алматыда үш дөңгелекті көлік қарсы жолаққа шығып, Prado-мен соқтығысты

Алматыда үш дөңгелекті көлік қарсы жолаққа шығып, Prado-мен соқтығысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2026 18:41 Сурет: видео скрині
Алматыда Солтүстік айналма жолында Орталық киім базары маңында Toyota Land Cruiser Prado мен үш дөңгелекті көлік соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, жол талғамайтын көлік Солтүстік айналма көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Сол сәтте қарсы бағытта қозғалған үш дөңгелекті көлік қарсы жолаққа шығып кеткен. Соның салдарынан көліктер соқтығысқан.

Жол апатынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.

Полиция үш дөңгелекті көліктің тіркелмегенін анықтады. Сонымен қатар оның жүргізушісінің көлік басқаруға қажетті құжаттары болмаған.

"Қарсы жолаққа шығу сияқты өрескел жол ережесін бұзу қайғылы жағдайға әкеп соға жаздады", – деп хабарлады полиция.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: