Алматыда үш дөңгелекті көлік қарсы жолаққа шығып, Prado-мен соқтығысты
Сурет: видео скрині
Алматыда Солтүстік айналма жолында Орталық киім базары маңында Toyota Land Cruiser Prado мен үш дөңгелекті көлік соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, жол талғамайтын көлік Солтүстік айналма көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Сол сәтте қарсы бағытта қозғалған үш дөңгелекті көлік қарсы жолаққа шығып кеткен. Соның салдарынан көліктер соқтығысқан.
Жол апатынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.
Полиция үш дөңгелекті көліктің тіркелмегенін анықтады. Сонымен қатар оның жүргізушісінің көлік басқаруға қажетті құжаттары болмаған.
"Қарсы жолаққа шығу сияқты өрескел жол ережесін бұзу қайғылы жағдайға әкеп соға жаздады", – деп хабарлады полиция.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript