Астанада ер адам сабақтан шыққан мекеп оқушысын аңдыған

Астанада ер адам сабақтан кейін мектеп оқушысын аңдыған, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2026 12:47 Сурет: pexels
Астана полициясы жергілікті тұрғынның қызының соңынан белгісіз ер адамның аңдығаны туралы хабарламасынан кейін күдіктіні іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана тұрғыны Threads әлеуметтік желісінде алаңдатарлық жазба жариялады. Оның айтуынша, 2026 жылғы 9 қазанда Көктал саябағы маңында сабақтан шыққан мектеп оқушысын күдікті ер адам аңдыған.

"Қара көзілдірік таққан ер адам да автобусқа мінді. Қызымның соңынан түсіп қалды. Қызым қаша бастағанда, әлгі ер адам да оның артынан жүгірген. Ақыры қызым үйінің кіреберісіне жүгіріп кіріп, есікті жауып үлгерді", – деп жазды ата-анасы.

Оқиға мұнымен аяқталмаған. Әйелдің айтуынша, кейін қыз сол ер адамды үйдің ауласынан тағы көрген. Бұл жолы ол басқа баланың соңынан жүрген көрінеді. Қазір мектеп оқушысы үйден жалғыз шығуға қорқады.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының полиция басқармасы күдіктіні іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Аталған факті бойынша ер адамның жеке басын анықтау шаралары жүргізіліп жатыр. Ол анықталғаннан кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады", – делінген полиция хабарламасында.

Құқық қорғау органдары осындай жағдайларға куә болған азаматтарды "102" арнасы арқылы полицияға хабарлауға шақырды.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде тұрғын үйдің кіреберісінде ұйықтап жатқан баланың суреті тараған болатын. Кейін 14 жастағы жасөспірімнің "эпилепсия" диагнозымен неврологтың диспансерлік есебінде тұрғаны анықталды. Оқиғадан кейін тиісті мекеме өкілдері оның отбасына барған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: