Дипфейктер мен дропперлік: Астанада цифрлық қауіпсіздік форумы өтіп жатыр

«Форум бағдарламасында сарапшылардың баяндамаларымен қатар, практикалық көрсетілімдер, интерактивті көріністер мен әзіл-сықақ қойылымдары қамтылған. Сондай-ақ КВН командалары өнер көрсетіп, цифрлық қауіпсіздік саласындағы білімді тексеруге арналған тақырыптық зияткерлік сайыс өтеді», – делінген іс-шара бағдарламасында. Бағдарламаның жеке бөлімі дропперлікке, яғни банк шоттары мен карталарын заңсыз қаржылық операциялар жүргізу үшін пайдалануға арналады. Форумда кімдер сөз сөйлейді Форумның негізгі спикерлері – ММА бойынша әлем чемпионы Василий Тахтай, CitizenSec қаржылық қауіпсіздік сарапшысы Гүлдана Жұматай және Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің офицері Гүлзия Қарсыбай. Форумды блогер әрі киберспорттық іс-шаралардың жүргізушісі Айгерім Дунамис пен ҚМА-ның ресми өкілі Ернар Тайжан жүргізеді. Шақырылған қонақтар қатарында журналист Динара Сәтжан, миллионнан астам оқырманы бар блогер Нұргелді Кердеш, әнші Дастан Оразбеков, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы, актриса әрі тележүргізуші Татьяна Турлай, блогер Хаким Мукарам және медиа саласының өзге де өкілдері бар. «Форум жастармен цифрлық қауіп-қатерлер туралы ашық әңгімелесетін алаңға айналды. Қатысушылар кең тараған алдау схемалары туралы біліп қана қоймай, қауіп-қатерді ажырату дағдыларын интерактивті форматта тексере алады», – дейді ұйымдастырушылар. Бұған дейін интернет-алаяқтықтан зардап шеккендерге миллиардтаған теңге қайтарылғаны хабарланған еді., сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2026 10:04 Сурет: Zakon.kz
Бүгін Астанада «ҚМА-дан цифрлық қауіпсіздік сабақтары» форумы басталды. Іс-шара цифрлық алаяқтықтың заманауи тәсілдері мен олардан қорғану жолдарына арналған. Сарапшылар дипфейктер мен әлеуметтік инженерия арқылы жасалатын алаяқтық схемалары және дропперлік туралы түсіндіріп жатыр.

Форум қатысушыларына цифрлық алаяқтық схемаларының қалай жұмыс істейтіні көрсетіліп, нақты мысалдар арқылы жалған контентті ажырату жолдары түсіндіріледі.

"Цифрлық қауіпсіздік сабақтары" форумының бейнежазбасын YouTube арнасынан көріңіздер.

Форумды Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі мен Zakon.kz желілік басылымы Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараның серіктесі – "CitizenSec" ЖШС.

Форумды Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі мен Zakon.kz желілік басылымы Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараның серіктесі – , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2026 10:04

Сурет: Zakon.kz

Қонақтар қатарында ҚР Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Құрылтай депутаттары, танымал спортшылар, қоғам қайраткерлері және жастар қозғалыстарының мүшелері бар.

Форум аудиториямен ашық диалог форматында өтеді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, мамандардан жауап ала алады.

Қонақтар қатарында ҚР Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Құрылтай депутаттары, танымал спортшылар, қоғам қайраткерлері және жастар қозғалыстарының мүшелері бар. Форум аудиториямен ашық диалог форматында өтеді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, мамандардан жауап ала алады., сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2026 10:04

Сурет: Zakon.kz

Сонымен қатар бағдарламада тақырыптық зияткерлік сайыс қарастырылған. Қатысушылар цифрлық қауіпсіздік саласындағы білімін тексеріп, алаяқтықтан қорғану тәсілдері туралы көбірек біле алады.

Дипфейктерді, яғни жасанды интеллект көмегімен жасалған жалған суреттерді, бейнежазбалар мен аудиожазбаларды пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық схемаларына ерекше назар аударылады. Сарапшылар алаяқтардың азаматтарды алдау үшін қандай құралдарды қолданатынын және мұндай айла-тәсілдерді қалай тануға болатынын түсіндіреді.

"Форум бағдарламасында сарапшылардың баяндамаларымен қатар, практикалық көрсетілімдер, интерактивті көріністер мен әзіл-сықақ қойылымдары қамтылған. Сондай-ақ КВН командалары өнер көрсетіп, цифрлық қауіпсіздік саласындағы білімді тексеруге арналған тақырыптық зияткерлік сайыс өтеді", – делінген іс-шара бағдарламасында.

Бағдарламаның жеке бөлімі дропперлікке, яғни банк шоттары мен карталарын заңсыз қаржылық операциялар жүргізу үшін пайдалануға арналады.

Форумда кімдер сөз сөйлейді

Форумның негізгі спикерлері – ММА бойынша әлем чемпионы Василий Тахтай, CitizenSec қаржылық қауіпсіздік сарапшысы Гүлдана Жұматай және Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің офицері Гүлзия Қарсыбай.

Форумды блогер әрі киберспорттық іс-шаралардың жүргізушісі Айгерім Дунамис пен ҚМА-ның ресми өкілі Ернар Тайжан жүргізеді.

Шақырылған қонақтар қатарында журналист Динара Сәтжан, миллионнан астам оқырманы бар блогер Нұргелді Кердеш, әнші Дастан Оразбеков, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы, актриса әрі тележүргізуші Татьяна Турлай, блогер Хаким Мукарам және медиа саласының өзге де өкілдері бар.

"Форум жастармен цифрлық қауіп-қатерлер туралы ашық әңгімелесетін алаңға айналды. Қатысушылар кең тараған алдау схемалары туралы біліп қана қоймай, қауіп-қатерді ажырату дағдыларын интерактивті форматта тексере алады", – дейді ұйымдастырушылар.

Бұған дейін интернет-алаяқтықтан зардап шеккендерге миллиардтаған теңге қайтарылғаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: