Ыстық +37°C-қа жетіп, рекорд жаңарды: Қазақстанда қыркүйек әдеттегіден жылы болды

Улица Панфилова, пешеходная улица, Казахский Национальный театр оперы и балета им. Абая, театр имени Абая, Алматы, виды города Алматы, город Алматы, осень в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2026 10:46 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанда 2026 жылғы қыркүйек айы әдеттегіден едәуір жылы болды. Кей күндері аптап ыстық болып, жауын-шашын аз түсті. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, күздің алғашқы айында ауа температурасы климаттық нормадан 2–4°C-қа жоғары болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтардың түсіндіруінше, ауа райының жылы болуына Иран мен Орта Азиядан жылы ауа массаларының жиі келуі ықпал еткен. Ал антициклондардың жиі өтуіне байланысты жауын-шашын аз жауған.

Дегенмен кей өңірлерде жағдай өзгеше болды. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында, елдің солтүстік-батысы мен оңтүстік-батысындағы жекелеген аудандарда жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан асты.

Қыркүйектің жекелеген күндерінде ел аумағының басым бөлігінде жаздағыдай ыстық болып, күндізгі ауа температурасы +27…+37°C-қа дейін көтерілді.


"Бірқатар метеорологиялық станцияда температуралық рекордтар тіркелді", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

10 қыркүйекте Ұлытау облысындағы Жезқазған метеостанциясында ауа температурасы +37°C-қа жетті. Бұған дейін дәл осы күнгі ең жоғары температура 2000 жылы тіркеліп, +33,8°C болған.

11 қыркүйекте Ақмола облысындағы Көкшетау метеостанциясында ауа температурасы +32,5°C-қа дейін көтерілді. Осылайша, 2007 жылы тіркелген +30,3°C көрсеткіші жаңарды.

24 қыркүйекте Маңғыстау облысындағы Ақтау метеостанциясында ауа температурасы +34,2°C-қа жетіп, 2022 жылғы рекордтан (+30,1°C) асты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: