Қазақстандықтар ескі көлігін кәдеге жаратуға тапсыра ала ма: Экология министрлігі түсініктеме берді

Автокредитование, автокредит, кредит на автомобиль, покупка автомобиля, кредит на машину, покупка машины, автострахование, страхование автомобиля, страхование машины, страховка на авто, страховка на машину , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2026 10:02 Фото: freepik
Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігі кәдеге жарату бағдарламасы бойынша ескі көліктерді қабылдау әлі басталмағанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрі пайдаланудан шыққан көлік құралын немесе өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға тапсырғанын растайтын құжат беру қағидаларын бекітті. Бұл құжат Қазақстанда көлік сатып алуға жеңілдік сертификаттарын алу құқығын да көздейді. Бұл туралы 2026 жылғы 15 қазанда белгілі болды.

Алайда ведомствоның түсіндіруінше, аталған бұйрықтың қабылдануы бағдарламаның іске қосылғанын және көліктерді кәдеге жаратуға қабылдау басталғанын білдірмейді.

"Бұйрық 2026 жылғы 25 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі. Алайда бұл күн көлік құралдарын қабылдау мен жеңілдік сертификаттарын берудің басталу мерзімі емес. Қазір "Жасыл даму" АҚ пайдаланудан шыққан көлік құралдарын қабылдап, кейін кәдеге жарататын қайта өңдеушілерді іріктеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", – делінген хабарламада.

Экология министрлігінің мәліметінше, қажетті рәсімдер аяқталып, тиісті шарттар жасалғаннан кейін бағдарламаның іске қосылу мерзімі, қатысу талаптары және қабылдау пункттерінің мекенжайлары қосымша жарияланады.

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков 2026 жылғы 13 қазанда үкіметте өткен брифингте автокөлікті несиеге сатып алудың баламасы туралы айтып берген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: