Алматыдағы №3 мамандандырылған ХҚКО мен Көші-қон қызметтері орталығының мекенжайы өзгереді

ЦОН, центры обслуживания населения, egov, егов, цифровые документы, ЭЦП, электронная цифровая подпись, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2026 14:38 Фото: gov4c.kz
Алматыдағы №3 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы мен Көші-қон қызметтері орталығы 2026 жылғы 19 қазаннан бастап жаңа мекенжайға көшеді. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Алматы қалалық филиалы хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Екі орталық та азаматтарды Солтүстік айналым көшесі, 3Б мекенжайындағы "Адем" сауда үйінде қабылдайды.

Бұған дейін №3 мамандандырылған ХҚКО Құлжа тасжолы, 9К мекенжайында, ал Көші-қон қызметтері орталығы Құлжа тасжолы, 9К/1 мекенжайында жұмыс істеген.

"Аталған орталықтарда қала тұрғындары көлік құралдарын тіркеу қызметтерін алып, жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық және практикалық емтихан тапсыра алады. Осы мақсатта теориялық емтиханға арналған сынып ашып, практикалық сабақтар өткізу үшін автодром іске қосу жоспарланып отыр", – деп мәлімдеді корпорацияның қалалық филиалы.

Орталықтардың жұмыс кестесі өзгермейді. Олар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Сенбі мен жексенбі – демалыс күндері.

Айта кетейік, 2026 жылғы 12 қазаннан бастап "Адем" сауда үйінде Жетісу аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы да жұмыс істеп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: