Банкке қарызы бар азаматтардың шотында күнкөріс минимумына тең ақша қалдырыла ма

ЧСИ, ЧСИ РК, частный судебный исполнитель, частные судебные исполнители, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2026 15:06 Фото: Zakon.kz
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Вагапов борышкерлердің шотында ең төменгі күнкөріс деңгейіне тең қаражат қалдыру туралы депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қолданыстағы заңнамада сот орындаушыларының инкассолық өкімдерін орындау кезінде борышкердің банк шотында күнкөріс минимумына тең соманы қалдыру қарастырылмаған.

"Банк сот орындаушысының инкассолық өкімінде көрсетілген соманы шоттағы ақша қалдығы және (немесе) шотқа түсетін қаражат есебінен өндіріп алуға міндетті. Сонымен қатар іс жүзінде сот орындаушылары борышкердің барлық банктегі шоттарына бір мезгілде қарыздың толық сомасы көлемінде тыйым салатын жағдайлар кездеседі. Соның салдарынан нақты берешектен бірнеше есе көп қаражат бұғатталады. Сондықтан көтерілген мәселелерді сот орындаушыларының әрекеттеріне қатысты кешенді түрде қарастырып, пысықтау қажет деп санаймыз", – делінген Ұлттық банк өкілінің жауабында.

Вагаповтың айтуынша, жағдайды реттеу үшін заңнамада мынадай тетіктерді бекіту қажет:

  • Сот орындаушыларының инкассолық өкімдерін орындаған кезде борышкердің шотында күнкөріс минимумына тең қаражат қалдыру тәртібін белгілеу.
  • Борышкердің бір банкте бірнеше шоты болса, сол шоттарға тыйым салу тәртібін нақтылау. Егер банк тыйым салынған соманы бір шотта қамтамасыз етсе, өзге шоттарға тыйым салу туралы сот орындаушыларының қаулыларын қайтаруға банктерге құқық беру. Бұл тәртіпті атқарушылық іс жүргізу туралы заңда бекіту ұсынылып отыр.


"Ұлттық банк тиісті ұсыныстарды ҚР Әділет министрлігіне жолдады. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қажетті түзетулерді пысықтауға дайынбыз", – деді Вагапов.

Қазақстанда 2026 жылғы 21 қазаннан бастап қарызды өндіріп алу ережелері қалай өзгеретіні туралы материалдан оқи аласыздар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: