Ақтауда Land Cruiser жүргізушісі екі адамды қағып кетті

Скорая помощь, медицинская служба, машина скорой помощи, машины скорой помощи, автомобиль скорой помощи, карета скорой помощи, бригада скорой помощи, скорая медицинская помощь, скорая медпомощь, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2026 21:17 Фото: Zakon.kz
Ақтаудағы "Көк базар" аумағында болған жол апаты қайғылы жағдайға ұласа жаздады. Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі басқа көлікті соғып, екі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты 2026 жылғы 17 қазанда түске таман қаланың 25-шағын ауданында болған. Оқиға туралы ақпарат пен бейнежазба Желіде тез тарады.

Куәгерлердің айтуынша, жол талғамайтын көлік тізгіндеген әйел артқа қарай қозғалған кезде берілісті шатастырып алған. Соның салдарынан көлік алдымен тұрақта тұрған Toyota Alphard көлігін соғып, кейін жанында тұрған адамдарды қағып кеткен.

"Ер адам мен әйел зардап шекті. Екеуі де облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ер адам үйіне жіберілді, ал әйел нейрохирургия бөліміне жатқызылды", – делінген "Криминальный Казахстан" Telegram-арнасындағы жарияланымда.

Құқық қорғау органдары жол апаты болғанын растады және жүргізушіге қатысты қабылданған шараларды түсіндірді.

"Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі 25-шағын аудан маңында Toyota Alphard көлігімен соқтығысып, кейін екі жаяу жүргіншіні қаққан. Toyota Land Cruiser мамандандырылған тұраққа қойылды. Жүргізуші ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаменті 2026 жылғы 19 қазанда Zakon.kz редакциясына.

Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, қауіпсіз жылдамдықты таңдауды және кез келген маневр кезінде рөлде барынша мұқият болуды тағы да ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: