Алматыда автобустардың лық толуына не себеп: әкімдік түсініктеме берді
Сурет: Threads/kassymakyn_a
Алматы тұрғындары қарбалас уақытта автобустардың лық толатынына шағымданып жатыр. Желіде автобустың есігі жабылуы үшін жолаушыларды сырттан итеріп кіргізіп жатқан видео тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға №38 бағыттағы автобуста болған.
"Бұл – №38 бағыттағы екінші автобус. Видеоны мұқият қараңыздаршы: қызды салонға күштеп итеріп кіргізіп жатыр, ал аяғы сыртта салбырап қалған! Егер автобус қозғалып кетіп, адам дөңгелектің астына құласа, кім жауап берер еді? Осыны "оңтайландыру" дейсіздер ме? Әкімдік халықты қинауды қойып, сыйымдылығы үлкен, ұзын автобустарды шығармайынша, мұндай жағдайларды күн сайын тіркеп отырамын!" – деп жазды ашынған қала тұрғыны.
Смотреть в Threads
Оның жазбасына көлік басқармасы жауап берді.
"№38 автобус бағытының жұмысын жақсарту мақсатында бұған дейін қозғалыс кестесі қайта қаралып, рейстер саны көбейтілді және автобустардың аялдап тұру уақыты қысқартылды. Алайда жолдардың, әсіресе қарбалас уақытта қатты жүктелуіне байланысты автобустар кешігіп, кестеден ауытқиды. Соның салдарынан автобустардың жүру аралығы ұзарып, аялдамаларда жолаушылар жиналып қалады", – деп түсіндірді басқарма.
Ведомствоның мәліметінше, жолдардағы көлік жүктемесі азаймайынша, рейстер санын көбейту мен қозғалыс кестесін өзгерту мәселені толық шешуге мүмкіндік бермейді.
"Бағытқа жеткілікті автобус шығарылғанның өзінде, кептеліс олардың толық айналым жасап шығу уақытына, тұрақты қатынауына және белгіленген аралықты сақтауына айтарлықтай әсер етеді", – деп қорытындылады басқарма.
Бұған дейін Алматыда №118 бағыттағы автобуста да осындай жағдай түсірілген еді. Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы мұндай жағдайларды болдырмау үшін қарбалас уақытқа арналған қозғалыс кестелері әзірленіп жатқанын хабарлаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript