"Байқадың ба? Хабарла!": Алматы полициясы тұрғындарға үндеу жасады

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2026 13:57 Фото: Zakon.kz
Алматыда 2026 жылғы 5 қазан мен 5 қараша аралығында "Қауіпсіз үй" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Осыған байланысты қалалық полиция департаменті тұрғындарды құқық бұзушылықтар туралы уақтылы хабарлауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шара аясында учаскелік полиция инспекторлары қала аумағында QR-коды бар ақпараттық парақшалар орналастырып жатыр. Олардың көмегімен тұрғындар құқық бұзушылықтар туралы жедел хабарлай алады.

"Құқық бұзушылық туралы хабарлау үшін QR-кодты сканерлеп, оқиғаның мән-жайын сипаттау, нақты мекенжайын көрсету және кемінде бір фотосурет тіркеу қажет. Полиция қызметкерлері келіп түскен ақпаратты зерделеп, тиісті шаралар қабылдайды", – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бүгін, 20 қазанда.

Қалалық полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы қоғамдық қауіпсіздік полиция мен тұрғындардың бірлескен жұмысына байланысты екенін атап өтті.

"Ықтимал құқық бұзушылықтар туралы ақпарат неғұрлым тез түссе, біз соғұрлым жедел әрекет етіп, тиісті шаралар қабылдай аламыз. QR-код – кері байланыс орнатудың қосымша әрі ыңғайлы құралы. Ол қала тұрғындарына мәселелер туралы хабарлап, қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосуға мүмкіндік береді", – деді басқарма басшысы.

Осыған байланысты алматылықтарды қауіпсіздік мәселелеріне бейжай қарамауға, анықталған құқық бұзушылықтар туралы полицияға дер кезінде хабарлауға және қалада жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға белсенді қатысуға шақырды.

Бұған дейін Алматыдағы үш жоғары оқу орнына шұғыл түрде арнайы қызметтер жұмылдырылғаны хабарланған еді. Оқиғаның мән-жайын қалалық полиция департаменті түсіндірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: