Конституция көпұлтты жұртымыздың жаңа Жарғысына айналды – Қасым-Жомарт Тоқаев

Конституция РК, День Конституции РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2026 13:19 Фото: akorda.kz
Ел Конституциясына енгізілген өзгерістер мемлекеттік билік жүйесін түбегейлі жаңғыртуға жол ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз мәлімдемесінде айтты.

Өзгерістер нәтижесінде бір палаталы Құрылтай құрылып, "Күшті Президент – ықпалды Парламент, яғни Құрылтай – есеп беретін Үкімет" тұжырымдамасы жүзеге асырылды, деп атап өтті президент.

Сонымен қатар Вице-Президент институты құрылып, Қауіпсіздік Кеңесінің құрылымына өзгерістер енгізілді. Қазақстанның жоғары консультативтік органы – Қазақстан Халық Кеңесі де жұмысын бастады.

Сондай-ақ Қазақстан волонтерлер қозғалысына конституциялық мәртебе берген әлемдегі санаулы елдердің қатарына қосылды.

Мәлімдемеде қазіргі күрделі әрі тұрақсыз халықаралық жағдайда мемлекеттік билік жүйесін осындай ауқымда өзгерту ел үшін маңызды саяси қадам екені атап өтілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: