Алматыда R.O.I. қаржы пирамидасына қатысты іс тергеліп жатыр: 25 пәтер мен үш көлікке тыйым салынды

Агентство Республики Казахстан по финансовому мониторингу, АФМ РК, Агентство по финансовому мониторингу, финансовый мониторинг, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2026 12:58 Фото: АФМ РК
Алматыда тұтыну кооперативі атын жамылып жұмыс істеген "R.O.I." қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) мәліметінше, азаматтарды жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алу бағдарламаларына қатысуға шақырған. Ол үшін пай жинау туралы шарттар жасалып, ақшалай жарналар қабылданған.

"Алайда жаңа қатысушылардан түскен қаражат нақты кәсіпкерлік қызметке жұмсалмай, бұрын қосылған пайшылар алдындағы міндеттемелерді орындауға бағытталған. Соның салдарынан барлық қатысушыға төлем жасауға мүмкіндік болмаған. Қазіргі уақытта 275 азамат жәбірленуші деп танылды. Оларға келтірілген жалпы шығын 217 млн теңгені құрайды", – деп хабарлады ҚМА 2026 жылғы 27 қазанда.

Тергеу барысында ұйымдастырушылар кооперативтен 94 млн теңгені, оның ішінде "Кәусар" жеке кәсіпкерлігіне, үлестес тұлғалардың шоттарына консультациялық қызметтер үшін төлем ретінде аудару арқылы шығарғаны анықталды.

"2022 жылы сот талқылаулары басталғаннан кейін Алматыда алты жаңа тұтыну кооперативі құрылған. Олар: "ShynSaulet", "Berekeli Shanyrak", "Aya-Aru", "Jasmin", "USCoop" және "Baiterek". Жаңа ұйымдар "R.O.I." тұтыну кооперативінің басшысының бақылауында болған және негізгі кооперативтің жеке сот орындаушылары бұғаттаған банк шоттарын айналып өтіп, түсетін ақшаны басқа бағытқа аудару үшін пайдаланылған", – деп толықтырды агенттік.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы екі айға қамауға алынды. Сот санкциясымен үш автокөлікке, 25 пәтерге және банк шоттарына тыйым салынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Бұған дейін Алматы облысында заңсыз жұмыс істеген "Альби" ломбардтар желісінің иесіне қатысты тергеу аясында 21 пәтерге, бес жер учаскесіне, жеті автокөлікке, жеті гаражға, екі дүкенге және қонақүйге тыйым салынғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: