"Құрылыс салу, тағы да құрылыс салу": Тоқаев 2027 жылға арналған жоспарларды айтты

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2026 12:05 Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында келесі жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы бұл бастама аясында өңірлерде азаматтық инфрақұрылымды дамытуға баса мән берілетінін айтты.

"Сондықтан мен келесі жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынамын. Осы жылдың аясында әр облыс орталығында, аудандарда, тіпті елді мекендерде азаматтық инфрақұрылым нысандарын салуға және жөндеуге кірісуіміз керек", – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев жолдар, әуежайлар, вокзалдар мен денсаулық сақтау мекемелерінің құрылысын бастау қажет екенін жеткізді. Олардың қатарында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтары да бар.

"Сондай-ақ барлық аймақта шығармашылық үйлері, спорт кешендері, кітапханалар және ғылыми орталықтар бой көтеруі керек. Әрине, тұрғын үй салу да маңызды міндет болып қала береді", – деді мемлекет басшысы.

Президент бұл бастамалардың халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.

"Конституцияда халықтың әл-ауқатын арттыру мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде айқындалды. Осы бастамалардың барлығы ел игілігі, әсіресе өскелең ұрпақтың қамы үшін қолға алынып отырғанын баса айтқым келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ ол сөзінде ауқымды құрылыс жобаларын жүзеге асыруда сенімді серіктестерді таңдаудың маңызын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: