Өте маңызды міндет – Президент Жолдауда мемлекеттік басқарудың сапасын жақсартуды тапсырды

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2026 12:13 Фото: akorda.kz
Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде мемлекеттік басқару сапасын арттырып, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бақылауды күшейту қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, инфрақұрылымды жаңғырту, жаппай цифрландыру және индустрияны дамыту үшін бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, жеке инвестициялар да тартылып жатыр.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы ауқымды құрылыс аясындағы жобаларды мұқият іріктеудің маңызын атап өтті. Сондай-ақ сенімді компаниялармен жұмыс істеп, бастамаларды жүзеге асырудың әр кезеңін жіті бақылау қажет екенін айтты.

"Мемлекеттік аппарат осы міндетті кәсіби тұрғыдан мүлтіксіз орындауға дайын болуы керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент мемлекеттік басқару жүйесінің сапасын толықтай жақсарту маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: