Тоқаев бюджет шығындарын бақылауға жасанды интеллектіні пайдалануды ұсынды

Искусственный интеллект, ИИ, AI, интеллектуальные компьютерные программы, интеллектуальная компьютерная программа, современные технологии, цифровизация , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2026 12:10 Фото: pixabay
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бюджет қаражатын жоспарлау мен басқару сапасын арттырып, мемлекеттік қазына жүйесін толық цифрландыру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы бюджет саясатын реттеуді ұзақмерзімді макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолдарының бірі деп атады. Оның айтуынша, былтыр қабылданған Бюджет кодексі мемлекет қаражатын тиімді басқаруға және қаржылық тәртіпті күшейтуге мүмкіндік берді.

"Дегенмен шығындардың жыл санап көбейіп бара жатқанын ескерген жөн. Сол себепті, қазына қаржысын жоспарлау және басқару сапасын одан әрі арттыру қажет", – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев орынсыз әрі тиімсіз шығындардың алдын алу үшін жасанды интеллект технологиясының мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынды.


"Сондай-ақ мемлекеттік қазына жүйесін толыққанды цифрландыру жұмысын аяқтау керек. Бюджет қаражатын басқарудың ортақ әдіс-тәсілдерге негізделген, автоматтандырылған жүйесін құру қажет", – деді мемлекет басшысы.

Президент осы мәселелер бойынша Үкімет пен Ұлттық банктен нақты ұсыныстар күтетінін жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: