Қазақстанның Марокко мен Кубадағы елшілері тағайындалды
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысының жарлықтарымен Айнұр Дәненова Қазақстанның Марокко Корольдігіндегі, ал Олжас Исабеков Куба Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Айнұр Нұрланқызы Дәненова Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды; Олжас Әзілұлы Исабеков Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды", – делінген құжатта.
Ал Андриан Елемесов Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript