Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды: орнына кім тағайындалды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды: орнына кім тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2026 09:34 Сурет: primeminister.kz
2026 жылғы 4 қарашада Виктория Шегай Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды. Оның орнына Айнұр Әбдірахманова тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кадрлық өзгерістер туралы Қазақстан Үкіметінің сайтында жарияланған тиісті құжаттардан белгілі болды.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Шегай Виктория Вильгельмовна Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды".
Виктория Шегай, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2026 09:34

Сурет: enpf.kz

Виктория Шегай бұл қызметті 2025 жылғы 9 маусымнан бастап атқарған.

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып Айнұр Әбдірахманова тағайындалды.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әбдірахманова Айнұр Әбдіғақарқызы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды", – делінген Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айнұр Әбдірахманова 1984 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Д.А. Қонаев атындағы университетті, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Айнұр Әбдірахманова , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2026 09:34

Cурет: primeminister.kz

Еңбек жолын 2005 жылы Ақмола облысы Қорғалжын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бастаған. 2007-2008 жылдары Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бас маман, бөлім басшысының міндетін атқарушы және бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ 2008-2014 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (ЕХӘҚМ) Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызметтер департаментінде сарапшы, бас сарапшы болған. 2014-2017 жылдары ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік көмек департаментінде бас сарапшы қызметін атқарған. 2017-2020 жылдары ЕХӘҚМ Әлеуметтік көмек департаментінде бас сарапшы және басқарма басшысы, 2020-2022 жылдары "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ-да басқарма басшысы және бас сарапшы, 2022-2024 жылдары ЕХӘҚМ департаменті директорының орынбасары болған.

2024 жылдан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ЕХӘҚМ Әлеуметтік көмек департаментінің директоры қызметін атқарды.

Сонымен қатар Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппарат басшысы да ауысты.

"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Нупиров Жәнібек Мақсұтұлы ведомство аппарат басшысы қызметіне тағайындалды", – делінген Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жәнібек Нупиров 1980 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Қарағанды экономикалық университетін, "Болашақ" Қарағанды заманауи білім беру институтын, Ресей Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын бітірген.

Жәнібек Нупиров , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2026 09:34

Сурет: primeminister.kz

Еңбек жолын 1999-2001 жылдары Астана қаласы бойынша Қазынашылық басқармасында бастаған. 2001-2013 жылдары Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің құрылымдарында, ҚР Статистика агенттігінде, Экономикалық даму және сауда министрлігінде, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде түрлі қызметтер атқарған.

2013-2019 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымдарында жұмыс істеген. Сондай-ақ 2019-2022 жылдары Сауда және интеграция министрлігі аппаратын басқарған. 2022-2023 жылдары "Хоргос" ХШЫО" АҚ-да басшылық қызметтер атқарған, 2023 жылы "Ақпараттық-есеп орталығы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, 2023-2024 жылдары ҚР Қаржы министрлігі департаментінің директоры, 2024-2025 жылдары Ұлытау облысы әкімінің орынбасары болған.

2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қаржы министрлігінің өнеркәсіп, көлік және коммуникациялар бюджеті департаментінің директоры қызметін атқарған.

ЕХӘҚМ-нің бұрынғы аппарат басшысы Нұрдәулет Төлеев болған. Ол бұл қызметке 2025 жылғы 8 сәуірде тағайындалған еді.

Бұдан бөлек, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды.

"Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Овечкина Юлия Руслановна Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды", – делінген Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Юлия Овечкина 1992 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Юлия Овечкина, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2026 09:34

Сурет: primeminister.kz

2014-2022 жылдары Өскемен қаласы әкімдігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрылымдарында түрлі қызметтер атқарған.

2022 жылдан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары болған.

Айта кетейік, 2026 жылғы 4 қарашада Қазақстанда денсаулық сақтау вице-министрі де тағайындалды. Бұл қызметке 2025 жылдан бері "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы болған Нұрлыбек Асылбеков келді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: