Алматы мен тағы бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2026 09:13 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін "Қазгидромет" РМК мамандары төрт қаланың тұрғындарына ескерту жасады. Бұған атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдайлар себеп болып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандардың мәліметінше, 2026 жылғы 6 қараша, жұма күні Қазақстанның төрт қаласында атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Атап айтқанда:

  • Алматыда;
  • Талдықорғанда.

Ал түнде:

  • Павлодарда;
  • Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, баяу жел, тұман, инверсия) үйлесуі.

Айта кетейік, 2026 жылғы 5 қарашада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Астана, Алматы және еліміздің тағы алты қаласында болжанған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: