"Қазгидромет" Астана мен тағы үш қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2026 09:51 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанның төрт ірі қаласының тұрғындарына бүгін далада ұзақ уақыт жүрмеуге кеңес берілді. Бұған қолайсыз метеорологиялық жағдайлар себеп болып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланды.

"2026 жылғы 2 қыркүйекте Орал мен Ақтөбеде, түнде Атырауда, күндіз Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", – делінген ескертуде.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Оларға желсіз ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.

Мұндай жағдайда қала тұрғындарына, әсіресе автожолдар мен ауаны ластайтын өзге де нысандардың маңында, далада өткізетін уақытты қысқарту ұсынылады.

Ал созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруге кеңес берілді.

2026 жылғы 1 қыркүйекте де Орал, Атырау және Ақтөбе қалаларының тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ескерту жасалған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: