Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2026 09:38 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК мамандары Алматы, Астана және тағы төрт қаланың тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдайларға (ҚМЖ) байланысты кезекті ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы гидрометеорологиялық қызметтің ресми сайтында жарияланды.

"2026 жылғы 14 шілдеде Ақтөбе, Өскемен, Риддер, Алматы қалаларында, ал түнгі уақытта Астана мен Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тынық ауа райы, әлсіз жел, тұман, температуралық инверсия) жиынтығы.

Мұндай кезде тұрғындарға, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздерінің маңында, ашық ауада ұзақ болмауға кеңес беріледі. Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық сырқаттары бар адамдар сыртқа шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерін бірге алып жүргені жөн.

Бұған дейін Қазақстанның барлық 17 облысында ауа температурасы +45 градусқа дейін көтерілетіні, кей өңірлерде нөсер жаңбыр мен бұршақ жауатыны хабарланған болатын. Сонымен қатар республика бойынша желдің күшеюі, елдің солтүстігі мен оңтүстігінде шаңды дауыл, ал батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі. Бірқатар өңірде өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: