Демалыс күндеріне арналған валюта бағамы: 7 және 8 қараша

Обмен валют, обмен валюты, обмен денег, обменный курс, валюта, разные валюты, обменник, обменники, обменный пункт, доллары, курс доллара, курс доллара к тенге, доллар и тенге, доллары и тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2026 17:34 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 6 қарашада сағат 17:10-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша кешкі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 447,22 теңге болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 3,94 теңгеге төмен.

Еуроның орташа сараланған бағамы 500,18 теңгеге дейін түсіп, 6,85 теңгеге арзандады.

Рубль бағамы да 0,05 теңгеге төмендеп, 5,46 теңге болды.

Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 67,17 теңгені құрады. Ол 0,68 теңгеге арзандады.

Ақша айырбастау орындарында доллар 448,3–450,4 теңгеден, еуро 499,2–504,4 теңгеден, рубль 5,21–5,33 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.

6 қараша күні таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 451,87 теңге, еуроны 507,31 теңге, рубльді 5,53 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: