Енді Конституцияда "Тәуелсіздік" пен "Егемендік" сөздері бас әріппен жазылады

Подписание законов, назначения, назначение, Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2026 12:11 Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция мәтінін әзірлеу жұмысына өзі де тікелей қатысқанын айтты. Мемлекет басшысы құжаттағы "Тәуелсіздік" және "Егемендік" сөздерін бас әріппен жазу туралы шешімнің мәніне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, Конституцияның әр сөзіне мұқият қарап, әр бабына ерекше назар аударған. Ол бұл жұмысты ең алдымен азаматтық парызы деп санайды.

"Мәселен, Конституцияда біз халқымыз үшін киелі "Тәуелсіздік" және "Егемендік" сөздерін бас әріппен жазатын болдық. Мұның терең мәні бар", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы мұндай шешімдер арқылы қоғам санасына, әсіресе өскелең ұрпақтың бойына елдік қасиеттерді сіңіруге болатынын атап өтті.

Сонымен қатар Президент Конституцияның халықтың дүниетанымына және озық заңнама талаптарына сай әзірленгенін айтты. Оның пікірінше, Қазақстанның Ата заңы кәсіби тұрғыдан өте сапалы дайындалған құжат.

"Мұның бәрі қазіргі қазақ тілінің әлеуеті мен күш-қуатының айқын көрінісі екені сөзсіз", – деді Президент.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ауқымды жұмысқа білікті заңгерлермен бірге филология саласының тәжірибелі ғалымдары мен қазақ тілі мамандары да белсене қатысқанын жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: