Алматыдағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Шығыс Қазақстаннан жеткізілген 150 тоннадан астам өнім ұсынылады

Ярмарка, базар, рынок, торговля, продукты питания, овощи, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2026 16:03 Фото: пресс-служба акимата Алматы
Шығыс Қазақстан облысының фермерлері мен тауар өндірушілері Алматыға 150 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін жеткізеді.

Өңірлік жәрмеңке 14–15 қараша күндері Шевченко көшесінің бойында Пушкин және Қонаев көшелері аралығында өтеді.

Қала тұрғындары ет және ет өнімдерін, сүт және балық өнімдерін, бал, күнбағыс майын, шұжық өнімдерін, шай мен самырсын жаңғағын сатып ала алады.

Тауарлардың бағасы нарықтағы орташа бағадан 8-15%-ға төмен болады. Шығыс Қазақстан облысының фермерлері мен өндірушілері өнімін тікелей ұсынады.

Мұндай жәрмеңкелер Алматы тұрғындарын қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуге, отандық тауар өндірушілерді қолдауға және ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалсыз тікелей жеткізуді дамытуға бағытталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: