Астана тұрғындарына терроризмге қарсы оқу-жаттығуға байланысты ескерту жасалды

Астана тұрғындарына терроризмге қарсы оқу-жаттығуға байланысты ескерту жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 11:46 Сурет: gov.kz
13 қарашада сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Астанадағы Қазақ ұлттық спорт университетінің аумағында (Қарқаралы тасжолы, 15) терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өтеді.

Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдар күштері мен құралдарының террористік қауіп-қатерлерге жедел ден қоюға дайындығын тексеру.

Оқу-жаттығу өтетін аумақта бірқатар шектеу шаралары енгізіледі. Атап айтқанда, жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін.

"Осыған байланысты азаматтарды оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік талаптарын сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырамыз", – деп хабарлады Астана қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: