Алматыдағы теміржолда арнайы оқу-жаттығу өтеді: тұрғындарға алдын ала ескерту жасалды
Фото: akorda.kz
Оқу-жаттығу барысында көлік инфрақұрылымы нысандарындағы террористік қауіп-қатерлердің жолын кесу іс-қимылдары пысықталады. Бұл ретте жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысын шектеу жоспарланбаған.
Тұрғындардан қауіпсіздік шараларын сақтауды, мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды және ресми хабарламаларды қадағалауды сұрайды. Сондай-ақ қала тұрғындарын тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды.
Билік өкілдері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін адамдардың заңды талаптарына бағынбағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 443-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Бұған дейін терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб Астана маңындағы қала тұрғындарына ескерту жасағаны хабарланған болатын.