Тоқаев мемлекеттік қаржының жұмсалуын бақылайтын комиссия құратынын айтты

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 15:10 Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар адамдар "Халықтық құрылыс" бағдарламасын іске асыруға кедергі келтіруге тырысып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан жаңа тарихи кезеңге қадам басты. Сондықтан бұрынғы жетістіктерге тоқмейілсіп, алға жылжуды бәсеңдетуге болмайды.

"Ал сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз. Олар қазірдің өзінде "Халықтық құрылыс" бағдарламасын іске асыруға кедергі келтіріп, зиян тигізуді ойлап жүр. Біз бұған, әлбетте, ешқашан жол бермейміз", – деді Президент.

Тоқаев бағдарламаның аясында салынатын барлық әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының сапасына ерекше мән беру қажеттігін атап өтті. Оның ішінде жолдар, әуежайлар, емханалар, оңалту орталықтары, шығармашылық үйлері, мектептер мен спорт кешендері бар.

Президенттің сөзінше, мемлекеттік қаражаттың тиімді жұмсалуын арнайы мемлекеттік комиссия қадағалайды. Комиссия құрамы келесі аптаның басында жарияланады.

Мемлекет басшысы бұл жұмыстың негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатын арттырып, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту екенін айтты. Сондай-ақ алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруда заң, әділеттілік және тәртіп қағидаттары басшылыққа алынатынын жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: