Елімізде мұғалімдерге арналған бірыңғай қолдау телефоны іске қосылуы мүмкін

Школьный учитель, учитель, педагог, школьный преподаватель, школа, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2026 19:58 Фото: freepik
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 2026 жылғы 16 қарашада Құрылтайда өткен брифингте педагогтердің құқығын қорғау шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, бұл бастама Мемлекет басшысының педагогтерді қорғау тетіктерін жетілдіру жөніндегі тапсырмасына байланысты қолға алынған.

"Астанадағы iKomek қызметінің үлгісімен колл-орталық ашуды жоспарлап отырмыз. Әр мұғалім осы орталыққа хабарласып, кәсіби және құқықтық мәселелер бойынша кеңес ала алады. Бұл жұмысты 2026 жылдың соңында немесе 2027 жылдың басында іске асыруды жоспарлап отырмыз", – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 2026 жылғы 16 қарашада Құрылтайда өткен брифингте мектептегі сабақтардың ұзақтығына қатысты сұраққа жауап берген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: