"Balapan"-ның күзгі базарлығы

«Balapan»-ның күзгі базарлығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2026 16:43 Сурет: "Қазақстан" РТРК"
"Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы құрамындағы "Balapan" телеарнасы балаларға арналған танымдық, шытырман оқиғалы, комедиялық, ойын-сауық бағытындағы жаңа жобаларды ұсынады.

15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай қаржылық сауаттылықты тақырыбындағы "Теңгетай" анимациялық сериалы көрерменге жол тартты. Мультхикая балаларға ақшаны дұрыс жұмсауды, үнемдеуді және жинақтауды үйретеді. Әр шығарылымда көрермендер қаражатты қалай ұқыпты пайдалану керегін ойындар арқылы меңгереді. Жоба продюсері Сұлтан Қыдырбаевтың айтуынша, "Теңгетай" анимациялық сериалы – өскелең ұрпаққа қаржылық тәрбие беруді көздейтін маңызды бастамалардың бірі.

"Әр заманның өз талабы, әр ұрпақтың өз арманы бар. Бүгігі жас ұрпаққа біліммен қатар, ақшаның қадірін білуді үйрету де маңызды міндет. "Теңгетай" жобасы осы бір игі мақсаттан туған бастама. Өйткені, әрбір теңгенің артында еңбек, әрбір үнемнің артында береке жатыр. Бала жастайынан еңбекті бағалап, барды ұқыпты жұмсауды үйренсе, ертеңіне нық қадам басары сөзсіз. Біздің мақсатымыз – саналы, білімді, болашағына сенімді ұрпақ тәрбиелеу", – дейді ол.
, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2026 16:43

Сурет: "Қазақстан" РТРК"

Жаңа анимациялық сериалдар қатарында жас көрерменді ғылымға баулитын "Әл-Фараби. Уақыт кілті" мультхикаясы бар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2026 16:43

Сурет: ""Қазақстан" РТРК"

Осы тақырыппен үндес тағы бір жоба – "Жас ғалым" бағдарламасы балалардың ғылыми танымы мен сыни ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Ғылым мен жаңа технологиялар тақырыбын "Кел, балалар, оқылық!" бағдарламасы толықтырады. Бұл жоба кішкентай жасанды интеллект мүмкіндіктерін және цифрлық технологиялардың қалай жұмыс істейтінін түсіндіреді.

Сонымен қатар, қазақы тазыны ұлттық бренд ретінде кеңінен насихаттау мақсатында "Құмай тазы. Жаңа достар" анимациялық сериалы әзірленді. Мультхикая тазының түр-тұлғасымен және ерекше қасиеттерімен таныстырады. Бұдан бөлек, "Кітаптар патшалығы" анимациялық сериалы Мемлекет басшысының кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі бастамаларымен сабақтасып, балалардың кітапқа қызығушылығын оятуды көздейді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2026 16:43

Сурет: "Қазақстан" РТРК"

Бұдан бөлек, күзгі маусымда балаларға қауіпсіздік ережелерін, жол қозғалысы тәртібін және төтенше жағдайларда өзін не істеу керегін қарапайым әрі қызықты етіп түсіндіретін" Тұлпарлар. Құтқару жасағы" эфирге шығады."Ойсалмақ" жобасы баланы қоршаған ортаны танып-білуге, іс-әрекетінің салдарын түсінуге, өздігінен ой қорытып, дұрыс шешім қабылдауға жетелейді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2026 16:43

Сурет: "Қазақстан" РТРК"

Жылдың басты жобаларының бірі "Биле BATTLE" музыкалық хабарында талантты балалар өзара сайысып, түрлі би қойылымдарын ұсынады. Биыл "Balapan" телеарнасы жеті анимациялық сериал, он бағдарлама және бір телехикая өндірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: