Тоқаев: түбегейлі реформалар жүргізу арқылы Қазақстан жаңа тарихи өсу, өрлеу дәуіріне қадам басты
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында жаңа Конституция қабылданғаннан кейін Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесі қалай өзгергенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Конституция ауқымды өзгерістердің жаңа, шешуші кезеңіне жол ашты. Елімізде мемлекеттік басқару жүйесі түбегейлі жаңғырды. Қос палаталы Парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай келіп, қазіргі таңда заң жобаларымен айналысуда", – деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты құрылып, ең жоғары консультативтік орган – Қазақстан Халық Кеңесі жұмысын бастады. Тоқаев түбегейлі өзгерістер қоғамның барлық саласын қамтитынын, ал азаматтар реформалардың игілігін қазірдің өзінде көре бастағанын атап өтті.
"Қазақстан реформаларының ерекшелігі, бұл – алдын ала дайындалған жоспарға сәйкес ішкі "темірдей" логиканың болуы, яғни, нақты тәртіп пен сабақтастықтың сақталуы", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент ауқымды өзгерістерге үстірт қарауға болмайтынын айтты.
"Осылайша, түбегейлі реформалар жүргізу арқылы Қазақстан жаңа тарихи өсу, өрлеу дәуіріне қадам басты", – деді Мемлекет басшысы.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript