Техникалық жұмыстарға байланысты Қазақстанда бірнеше мемлекеттік порталға кіру уақытша шектеледі
Фото: pexels
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Enbek экожүйесінің ақпараттық ресурстарына кіру уақытша шектелетінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрліктің мәліметінше, техникалық жұмыстарға байланысты 2026 жылғы 19 қараша күні сағат 22:00-ден 23 қараша күні сағат 08:00-ге дейін мына порталдарға кіру шектеледі:
- enbek.kz
- migration.enbek.kz
- career.enbek.kz
- hr.enbek.kz
- passport.enbek.kz
- skills.enbek.kz
- competence.enbek.kz
- aleumet.egov.kz
Техникалық жұмыстар аяқталған соң порталдар әдеттегі режимде жұмыс істейді.
Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтардың әл-ауқатын бағалау калькуляторы қалай жұмыс істейтінін түсіндірген еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript