Құт қонған Қазақ даласы енді ауқымды құрылыс аумағына айналады – Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында "Халықтық құрылыс" жобасы елдің барлық өңірі мен экономика салаларын қамтитынын айтты. Мемлекет басшысының сөзінше, жоба аясында жаңа жұмыс орындары ашылып, азаматтардың табысы артады, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2026 14:43 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында "Халықтық құрылыс" жобасы елдің барлық өңірі мен экономика салаларын қамтитынын айтты. Мемлекет басшысының сөзінше, жоба аясында жаңа жұмыс орындары ашылып, азаматтардың табысы артады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай ауқымды құрылыстың ел тарихында бұрын-соңды болмағанын атап өтті. Президенттің айтуынша, жоба елдің келбеті мен экономикасының құрылымын айтарлықтай өзгертеді.

""Халықтық құрылыс" халқымыздың қолдауына ие болатын, ұлт дамуына кең жол ашатын жоба болмақ. Жалпыұлттық жобаға өндіріс орындары да, отандық кәсіпкерлер де белсене атсалысады. Жаңа жұмыс орындары пайда болады, азаматтардың табысы артып, тұрмыс сапасы жақсарады", – деді Мемлекет басшысы.

Президент жобаның игілігін әрбір қазақстандық, әсіресе өскелең ұрпақ көретінін айтты.


"Сондықтан біз „Құрылыс және тағы да құрылыс" сөзін отаншылдық ұраны етіп, біртұтас қоғамымыздың мүддесі үшін Әділетті Қазақстанның әр кірпішін бірге қалаймыз. Мен бұған кәміл сенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: