"Еңбек төрге оздырады" – Қасым-Жомарт Тоқаев диқандарға алғыс айтты

Еңбек төрге оздырады» –  Қасым-Жомарт Тоқаев диқандарға алғыс айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2026 14:48 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адал еңбегімен елдің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс білдіріп, "Халықтық құрылыс" бағдарламасының маңызын атап өтті. Бұл туралы ол өз сөзінде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент қазақ халқында "Еңбек төрге оздырады" деген нақыл сөз бар екенін еске салды.

"Шын мәнінде, өз ісін адал атқарып, міндетіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын азаматтардың арқасында еліміз өсу, өрлеу дәуіріне қадам басып келеді", – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев елдің барлық саласында ауқымды жобалар жүзеге асатынын атап өтті. Оның айтуынша, "Халықтық құрылыс" бағдарламасы аясында еліміздің барлық өңірінде емхана, аурухана, балабақша, мектеп, мәдениет және спорт нысандары салынады.

Бұдан бөлек, сапалы жолдар төселіп, атом, су және электр станциялары, деректерді өңдеу орталықтары бой көтереді.

Президент бұл жоспардың ауқымы жағынан айрықша екенін айтып, ел мүддесі үшін биік мақсаттарға ұмтылу өзінің Мемлекет басшысы ретіндегі қастерлі парызы екенін жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: